COVID-19: БҮГІН 1 ЖАҢА ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ

«Жаңадан анықталған науқас - 2 жасар бала. Ол коронавирус инфекциясымен науқастанған отбасы мүшесінен жұқтырған. Соңғы тәулікте барлығы 813 зертханалық сынама алынса, оның 805 сынамасы теріс мәнді болды. Біреуі- оң мәнді болса, Жетеуі- зерттелу үстінде. Қалдық тест - 4300», – деді Жақсылық Әбілқасымұлы.
Сондай-ақ, індет жұқтырғандармен байланыста болған– 3270 азамат анықталды. Оның ішінде, 1798-і жақын қарым-қатынаста, 1472-сі жанама байланыста болған.
Жалпы 22 сәуірден бері қарай COVID-19 инфекциясы 82 науқастан анықталған. Оның ішінде,
- 12-сі медицина қызметкерлері;
- жабық мекемелерді скринингтеген уақытта 2 науқас;
- 50 азамат қарым-қатынас арқылы;
- 7 азамат вахталық жұмыстан келгендер;
- 3 азамат блок посттардан тоқтатылып, тексеру барысында анықталғандар;
-6 науқас медицина ұйымдарындағы фильтр кабинеттерінен тұмау, пневмония белгілерімен шағымданғандардан;
- 2 азамат Ресейден келген студент.
Құрметті облыс тұрғындары, соңғы 19 күннің статистикасына қарағанда вирустың жұғу мүмкіндігі қарым-қатынас арқылы болып отыр. Вирус ауа тамшылары арқылы жұғатын болғандықтан, ол көбіне сулы ауада көп сақталады. Сондықтанда оқшауланып, шектеу шараларына мұқият болуға және бетперде киюді жалғастыра беруге шақырамыз.