» » АЙМАҚ БАСШЫСЫНЫҢ АУДАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫ ЕҢБЕК АУЫЛЫНАН БАСТАЛДЫ

АЙМАҚ БАСШЫСЫНЫҢ АУДАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫ ЕҢБЕК АУЫЛЫНАН БАСТАЛДЫ


Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіхалықова жұмыс сапарымен Жалағаш ауданына келді. Алдымен Еңбек ауылдық округінде болған аймақ басшысы аққошқарлықтармен жүздесіп, ауылда соңғы жылдары жүзеге асып жатқан жұмыстармен танысты.

Айта кетейік, Еңбектің соңғы жылдары әлеуметтік жағдайы жақсарып келеді. Елді мекенде Сыр салысын өсірумен айналысатын жалғыз шаруашылық Еңбек-Жер» ЖШС-ның төрағасы Шакизатхан Ысқақов ауылды абаттандыруға көп көңіл бөліп, жарқын жобаларды жүзеге асыруда. Білім, мәдениет саласына да жанашырлық танытып келе жатқан туған жердің перзенті осыған дейін атқарылған жұмыстармен шектеліп қалғысы жоқ. Алдағы уақытта Аққошқардың әлеуетін әлі де көтеру жолында жаңа бастамаларға аяқ басуға ниетті. Былтырдың өзінде аталған шаруашылық еңбеккерлеріне күзгі науқанда 72 млн теңгенің сыйақысын үлестірген болатын.
Облыс әкімі Гүлшара Наушақызымен кездесуде ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мархабай Балқанов соңғы жылдары Еңбекте халықтың әлеуетін арттыруға бағытталған шаралардың көптеп қолға алынып жатқанын жеткізіп, ауылды абаттандыру жұмыстарының барлығында Шакизатхан Ысқақовтың қолтаңбасы барын тілге тиек етті.

«ЖЖ» ақпарат
22 мамыр 2020 ж. 688 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930