» » АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС АЗ ЕМЕС, АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР ДЕ АУҚЫМДЫ

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС АЗ ЕМЕС, АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР ДЕ АУҚЫМДЫ

Жалағаштағы бірқатар өндіріс орындары мен атқарылған жұмыстарға қаныққан аймақ басшысы аудан әкімдігінде мәжіліс өткізді. Жиында Гүлшара Әбдіхалықова алдымен төтенше жағдай кезінде бұл өңірде тындырымды жұмыстардың жүзеге асқанын тілге тиек етіп, әлі де шешімін таппаған күрмеулі мәселелердің бар екенін жоққа шығармады.
Жиында аудан әкімі Асылбек Шәменов баяндама жасап, бүгінге дейін Жалағашта атқарылған жұмыстар төңірегінде баяндады. Сондай-ақ ол әлі де ауданда жарқын жобалардың қолға алынатынын жеткізді.
Жалпы Жалағашта соңғы жылдары кәсіпкерлік, білім, мәдениет сияқты бірқатар салаларда ілгерілеушілік бар. енді сол бастамалар аяқсыз қалмауы қажет. Аймақ басшысының да негізгі айтпағы осы. Аудан әкімі жиында халықтың әлеуетін арттыру бағытында тиісті жұмыстар атқарыла беретінін айтып, бірқатар сауалға жауап берді. Мәжіліс соңында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы мен халық қалаулысы Имамзада Шағыртаев аймақ басшысының алдағы жұмысына сәттілік тілеп, аудан әлеуетін көтеруде жұмыла жұмыс жасайтындарын жеткізді.


«ЖЖ» ақпарат
22 мамыр 2020 ж. 432 0