» » АЙМАҚ БАСШЫСЫ АЛМА БАҚ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

АЙМАҚ БАСШЫСЫ АЛМА БАҚ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіхалықова Мақпалкөл ауылдық округінде болып, «Құрманбай ата» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Шаруашылық төрағасы Еркін Бекжанов алма бақта атқарылған жұмыстар төңірегінде баяндады.

Осыдан екі жыл бұрын өз ауылынан 6 гектар жер ашып, 5 сортты алма ағашының көшеттерін отырғызған іскер азамат бүгінде қолға алған жобасының жемісін көріп жатыр. Қазіргі таңда үлкен алқапта "Гала М-6" , "Гала М-9" , "Голден" , "Грени Смит" және "Фуджи" алма сорттарының 12 650 түп көшеті көктеп тұр. Бұл – алма ағашының тез өнім беретін түрлері. Мұндағы бағбандар тиімділігіне қарай тамшылатып суару әдісін қолдануда. Келешекте алма бақтың көлемін ұлғайту Еркін Бекжановтың алдағы жоспары екен. Қазірде бақта бірнеше бағбан алма ағаштарын уақытылы күтіп-баптап отыр.

«ЖЖ» ақпарат
22 мамыр 2020 ж. 564 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 196

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031