» » Жалағашта жер салығы ұлғайтылып белгіленген

Жалағашта жер салығы ұлғайтылып белгіленген

Бүгінгі күнге дейін аудандағы жеке тұлғалардың жылжымайтын мүліктеріне жер салығы үшін коэффициенттер ұлғайтылып белгіленген.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 12.11.2018ж. №475 бұйрығымен бекітілген «Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесінің» талабына сәйкес жер салығы үшін коэффициентті есептеу кезінде қолжетімділік негізде коэффициент мәндері 0,80-1,20 арасында белгіленеді. Алайда Жалағаш кентінің шет аймақтары мен ауылдық округтерде жер салығын есептеу кезінде максималды 1,20 коэффицент мәні қолданылған.
Анықталған заңбұзушылықтар бойынша аудандық прокуратураның 06.05.2020ж. наразылығы негізінде Жалағаш кентінің шет аймақтары мен ауылдық округтердегі жеке тұрғын үйлеріне әсер ететін түзету коэффициент мәндері (350 теңгеден 200 теңгеге дейін) төмендетіліп, тұрғындардың құқықтары қорғалды.
Бұл бағыттағы жұмыстар аудандық прокуратурамен үнемі жүргізілетін болады.

Жалағаш ауданының прокуратурасы
01 маусым 2020 ж. 405 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 706

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930