» » АУДАН ӘКІМІ А.ШАМЕНОВТЫҢ 1 МАУСЫМ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУЫ

АУДАН ӘКІМІ А.ШАМЕНОВТЫҢ 1 МАУСЫМ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті балалар, қадірменді ата-аналар!

Баршаңызды бүгінгі Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
1 маусым - балаларды қорғау күні жыл сайын өткізіліп, кішкентай бүлдіршіндерімізге ерекше қуаныш сыйлайтын мереке. Сонымен қатар бұл - балаларды соғыс қаупінен қорғау, олардың денсаулығын сақтау, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруді жүзеге асыру үшін дүниежүзі жұртшылығын жұмылдыратын күн.

Білім саласының дамуы, бақытты балалық әрдайым біздің назарымызда және қамқорлығымызда. Уақыт өткен сайын білім саласының дамуындағы стратегиялық бағыттар айқындалып, нақты атқарылатын жұмыстар белгіленуде. Әрбір халық ұрпағымен көктеп, ұлтымен өркен жаяды десек, біздің де тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы балаларымыздың болашағымен тікелей байланысты екені баршамызға белгілі. Кез-келген ата-ананың өз балаларының бақыты жолында еткен еңбегі сол елдің ертеңіне қосқан үлесі деп білуіміз қажет.

«Болашақ бүгіннен басталады» деп дана халқымыз бекерге айтпаса керек. Балаларға көрсетілетін жан-жақты көмек, оларға берілетін жеңілдіктер мен жәрдемақының бір жүйеге келтірілуі - кемел келешегімізге жасалатын құтты қадамдар. Себебі «Мәңгілік елдің» тұтқасын ұстайтын бүгінгі бүлдіршіндер, еліміздің ертеңі біздің балаларымыз.

Біздің ауданымызда да жарқын елдің кішкентай азаматтарына ерекше көңіл бөлініп келеді. Аудан көлемінде мектепке дейінгі мекемелер қатары көбеюде. «Бар жақсымыз балаларға» дегендей алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғастырылып, балалардың бос уақытын тиімді өткізудің барлық қажетті жағдайларын жасайтын боламыз.

Құрметті жас достар!
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні біздің балаларымыз үшін тамаша мереке! Жазғы көңілді маусым басталып, табиғат жасарып-жайнап, тал-теректер жапырақ жайып, мектепте оқу сабақтары аяқталып, оқушыларды жазғы тынығу лагерьлерінде думанды да қызықты күндер күтіп тұр.

Атаулы мерекемен баршаңызды тағы да құттықтаймын. Егемен еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақ ата-аналар мен ұстаздар қауымынан алған тәлім-тәрбиесін ел болашағына жұмсайды деген сенімдемін. Осынау дәстүрлі қалыптасқан мереке біздің балаларымыздың жүрегіне қуаныш ұялатып, асқақ мұраттарға жетелейді. Балаларымыздың жүзінен күлкі кетпесін, мереке мерекеге ұлассын!
01 маусым 2020 ж. 491 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930