» » ПРОКУРАТУРА КҮНІНЕ ОРАЙ АУДАН ӘКІМІ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

ПРОКУРАТУРА КҮНІНЕ ОРАЙ АУДАН ӘКІМІ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ



6 желтоқсан - Прокуратура күніне орай аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев құқық қорғау саласының қызметкерлерін қабылдады.
- Мемлекет билігі органдары жүйесінде прокуратураның орны қашанда ерекше. Жоғары қадағалау жасауға конституциялық өкілдігі бар бұл салаға Отанымыздың игілігі үшін қызмет ету, Заң күзетінде тұру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекет пен қоғам мүддесін қорғау міндеттелген. Қазіргі таңда ауданда прокуратурамен қоса аудандық сот, ішкі істер бөлімі аудан әкімдігімен бірлесіп, әлеуметтік-саясаттық тұрақтылықты қамтамасыз ету, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мәселелерін қатаң бақылауда ұстап келеді, - деді аудан басшысы өз сөзінде.
Қабылдау барысында құқық қорғау саласының дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтарды Қайратбек Әубәкірұлы Қызылорда қаласының 200 жылдығы мерекелік медалімен, ауданның Құрмет грамотасымен және аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.
Кездесуде 2016-2018 жылдың желтоқсан айына дейін аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы қызметін атқарған Ибраев Нұрлан сөз алып, ізгі тілегін білдірді.



07 желтоқсан 2018 ж. 1 067 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 261

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031