» » Қоғамдық тәртіпті сақтау шаралары күшейеді

Қоғамдық тәртіпті сақтау шаралары күшейеді


Қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында аудан көлеміндегі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыстың алдын алу бағытында Елбасының «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасында құқық қорғау органдарына ұсақ, майда құқық бұзушылыққа төзімділік танытпау, яғни мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанып біршама жұмыстар атқарылды.

«Мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру бағытында  барлығы 1985 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып, оларға жалпы құны  10,4 млн.теңге айыппұл салынып, оның  5,5 млн. теңгесі  бюджетке өндірілген. 
Аудан көлемінде тіркелген қылмыстар өткен жылмен салыстырғанда  269-дан 276-ға, яғни 2,6 пайызға  көбейген.  Оның ішінде бөтен мүлік ұрлығы 1,4 пайызға өсіп отыр. Бұл, әрине тұрғындар үшін де, құқық қорғау саласының қызметкерлері үшін де алаңдатарлық жағдай. Осы орайда, ауданда құқық қорғау қызметін қолдау мақсатында облыстық бюджет есебінен жалпы құны 929,5 млн.теңге қаржы бөлініп, типтік жобадағы аудандық ішкі істер бөлімі ғимаратының құрылысы басталды. Бұл жобаны 2018 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.


31 қаңтар 2018 ж. 1 763 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930