» » ЦИФРЛАНДЫРУ – ЖАҢА ДӘУІРГЕ ҚАДАМ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ЖАҢА ДӘУІРГЕ ҚАДАМ


Жолдауда айтылған деректерге жүгінсек, соңғы үш жылда жоғары лауазымды шенеуніктер мен мемлекеттік компаниялардың басшыларын қоса алғанда, 2,5 мыңнан астам адам сотталған. Осы уақыт ішінде олардың 17 млрд. теңге көлемінде келтірген залалы өтеліп, мемлекет қорына қайтарылған. Бұдан байқағанымыздай, «көлеңкелі экономикадағы» келеңсіз әрекеттер әлі де азаяр емес. Сондықтан бүгінгі уақыт талабына сай мемлекеттік органдардағы процестерді, оның ішінде олардың халықпен, бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру – кезек күттірмейтін маңызды мәселенің бірі болып отыр.
Ағымдағы жылдың 29 қаңтарында Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы  Мұратбек Искаков облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік қызметшілерімен, жалпы басқармаға қарасты серіктестіктер мен қоғамдық ұйымдар басшыларымен, БАҚ өкілдерімен кездесіп, жемқорлықпен күрес жолындағы жаңа міндеттер жайында ой-пікір алмасты.
Жиынға қатысқан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айдын Қайруллаев Елбасы Жолдауында нақтыланған 10 міндетті атап өтіп, оның ішінде жемқорлықпен күрес, сот және құқық қорғау жүйелері, қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жайын қарастырған 9-шы міндет төңірегінде тереңірек тоқталды.
– Сыбайлас жемқорлықтың бір көрінісі – заңды білмеу салдарынан туындаса, екінші көрінісі – заңсыз жолмен қосымша табыс табу әрекетінен туындап жатады. Сондықтан, заңды білмеу жазадан құтқармайтынын жадымызда ұстап, ресми құжаттарды рәсімдеуде, әсіресе, мемлекеттік сатып алу қызметінде аса мұқият болу қажет,-деді Айдын Бөкенбайұлы.
Қорыта айтқанда, сыбайластық салдарынан,  кез-келген азаматтың арзымайтын дүние үшін еңбегі еш кетіп, жиған-терген абырой, беделінен бір-ақ сәтте айырылып қалуы әбден мүмкін. Сондай-ақ, ел экономикасының дамуына, қоғамдық мәдениеттің қалыптасуына да кері әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан Жолдау жүктеген міндет – азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстары жүйелі түрде жалғасын табады.


Ғ.ӘБІЛДА
30 қаңтар 2018 ж. 902 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930