» » Аудан әкімі спортшыларды қабылдады

Аудан әкімі спортшыларды қабылдады


Бүгін  Жалағаш ауданының әкімі Қайратбек Сәрсенбаев спортшылар күніне орай спорт саласының ардагерлерін, қызметкерлерін және бірқатар спортшыларды қабылдады.

Ауданда бұқаралық спортты, ұлттық спортты дамыту бағытында кешенді жоспар жасалып, тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді.
2018 жылдың 1-жартыжылдығының қорытындысымен аудан спортшылары халықаралық, республикалық, облыстық жарыстарда 18 алтын, 21 күміс, 32 қола медаль жеңіп алды.

Олардың қатарында халықаралық турнирлердің, әлем біріншіліктерінің, Азия чемпионатының жүлдегерлері Жеңісбек Жақсыбек Қанзада Арайлым Тәттібай Дидар, Тынарбай Тілеген Оразбай Арайлым Әбілда Қызжібек Айшыққан Рамазандардың есімдерін ерекше айтуға болады.


Кездесуде сөз алған өңір басшысы аудан спортының дамуына айтарлықтай үлес қосып келе жатқан ардагер-спортшыларға, жаттықтырушыларға алғысын білдірді.

- Ауданымызда бұқаралық спортты, ұлттық спортты дамыту бағытында кешенді жоспар жасалып, тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді. Жалпы аудан бойынша 143 спорт нысандары жұмыс жасайды. Ағымдағы жылы облыс бойынша атқарылатын жобалар тізбесіне ауданнан 2 жоба енгізілді. Сондай-ақ, Мәдениет елді мекенінде спорттық кешенінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. - деді өз сөзінде Қайратбек Әубәкірұлы.

Кездесуде ұсыныс-пікірлер айтылып, Қазақстан Республикасының Спорт күні мерекесіне орай Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының және аудан әкімінің Алғыс хатымен бірқатар сала мамандары марапатталды.



16 тамыз 2018 ж. 1 261 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 760

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930