ТАРҒАҚ

Орташа пішінді дала балшықшысы. Жоғалу қауіпі бар құс. Бұл – Қазақстан мен Ресейдің эндемигі. Таралу аумағының негізгі бөлігі Қазақстанда орналасқан.

Қамыс-Самар, Индер көліне, Ембідегі Темір өзенінің сағасына, Арал теңізінің солтүстік жағалауына, Атасу өзенінің жоғары ағысына дейін таралған. Олар өсімдігі аз сортаң жерлерде, құрғақ сазды жусанды далаларда, бетегелі, ақселеулі шөлдерде мекендейді. Салмағы 230 грамм. Қыркүйек айында жылы жаққа ұшып кетеді де наурыз айында қайта оралады. Ұясын жерге, шұңқырға салады. Сәуірде жұмыртқалайды. Төрт шұбар жұмыртқаны аталығы мен аналығы кезектесіп басып, үш аптадан кейін мамықты балапандар шығарады. Олар бір айдан соң ұяларын бірден тастап кете береді. Балапандары ересектері сияқты жәндіктер мен шегіртке, қоңыз және ауыл шаруашылығы зиянкестерімен қоректенеді. Қазірде тарғақтың нақты саны туралы дерек жоқ. Бірақ барлық жерде бұл құстың саны бірте-бірте азайып келе жатқаны даусыз. Бұдан 20-30 жыл бұрын оны кездестіру қалыпты жағдай еді. Қазір «Қызыл кітапқа» енді.
02 маусым 2020 ж. 686 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930