» » Qoldau-24/7 - МӘМС жүйесіндегі көмекшіңіз

Qoldau-24/7 - МӘМС жүйесіндегі көмекшіңіз

«Медициналық сақтандыру және пациенттердің құқықтары мәселелері бойынша өтініштер тәулік бойы Qoldau-24/7 мобильдік қосымшасында қабылданады» деп хабарлады «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры – Бақыт Исмаханбетов.
Кері байланыстың бұл түрі, әсіресе, қазіргі карантин кезеңінде сұранысқа ие. Азаматтардан келіп түскен барлық өтініштер өңделіп, тіркеу нөмірімен өтініштер тізіліміне түседі. Тұрғындар тарапынан түскен өтініштерге мониторинг жүргізіледі, қажет болған жағдайда белгіленген мерзімде шешім қабылдау үшін сараптамалық бағалауға беріледі. Содан кейін өтініш берушіге қосымшада оның аккаунтында жауап беріледі, – деп түсіндірді Қор филиалының басшысы.Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Qoldau-24/7 мобильді қосымшасын Android смартфондары үшін Play Market арқылы, Apple смартфондары үшін App Store арқылы жүктеп алуға болады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі

13 маусым 2020 ж. 340 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930