45 градусқа дейін ыстық: Шілде айында құбылмалы ауа райы күтілуде
Ауа-райының болжамына сәйкес, шілдеде Қазақстанның көптеген аймақтарында ауа температурасы жоғары болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Шілде айында ауа температурасы республика бойынша климаттық норма шегіне жетеді деп болжануда.Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстары, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, орталығында Қарағанды облысы және Балқаш аралы, Алматы мен Жамбыл облыстарының солтүстік жартысында жауын-шашын жылдық орташа мәннен әлдеқайда аз болмақ.
Шілдеде Атлантика, Скандинавия және Қара теңіз аймақтарынан суық және ылғалды ауа массаларының басып кіруі нәтижесінде әр онжылдықта қысқа мерзімді суық толқындар күтіледі. Жауын-шашын және қатты жел болып, ауа температурасы төмендейді.
Еліміздің солтүстік бөлігінде түнде + 7 + 12 градус, күндіз + 17 + 23 градус;
Оңтүстік бөлігінде түнде + 13 + 18 градус, күндіз + 25 + 30 градусқа дейін.
Шілдедегі ауа температурасының негізгі фонында Қазақстанның солтүстік аймақтарында + 25 + 33 , ал оңтүстікте + 30 + 35 градус болады. Бірақ кейбір күндері Иран мен Орта Азия аймақтарынан ыстық тропикалық ауаның шығарылуына байланысты оңтүстік жартысында ауа температурасының едәуір көтерілуі + 35 + 45градусқа дейін, ал солтүстік жартысында термометр бағандары + 30 + 38 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде.