Алдағы екі апта – шешуші кезең Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі ахуалға байланысты 8 шілде күні халыққа телевизиялық үндеу арнады
Мемлекет басшысы əлемдегі пандемияға байланысты қалыптасқан жағдай күрделене түскенін, коро навирустың таралуы бəсеңдемей отырғанын, тіпті кейбір елдерде бұл індет қайтадан ушығып бара жатқанына тоқталды, сондай-ақ елімізде жасалып жатқан нақты іс-шараларды атап айтты.
«Əлем бойынша осы вирусты жұқтырғандардың саны шамамен 12 миллионға жетті, соның салдарынан 500 мыңнан астам адам қайтыс болды. Сол себепті, бірқатар елдерде карантин тəртібі қайта күшейтіліп, əуе, көлік қатынасы қайтадан шектелді.
Өкінішке қарай, біздің елдегі жағдай да оңай болып тұрған жоқ. Мемлекеттік комиссияның шешімімен 5 шілдеден бастап елімізде екі апталық мерзімге карантин шаралары енгізілді. Бұл аса қажетті шешім болды. Жағдайдың тұрақталатыны сөзсіз. Оның алғашқы белгілері де бар. Сондықтан алдағы екі апта біздің болашақ қадамдарымыз үшін шешуші кезең болмақ. Барлық азаматтарды тағы да карантин ережелерін қатаң сақтауға шақырамын. Індетпен күрестің нəтижелі болуы, ең алдымен, барша жұрттың саналы əрекеті мен жауапкершілігіне байланысты.
Бұл – өте қауіпті, батпандап кіріп, мысқалдап шығатын дерт.
Коронавирустың таралуына байланысты денсаулық сақтау жүйесіне көп ауыртпалық түсуде. Ашығын айту керек, денсаулық сақтау жүйесі індетке тойтарыс беруге дайын болған жоқ. Осы мəселе бойынша біз тергеу жүргіземіз жəне бұл жағдайдан сабақ аламыз. Əкімдердің жіберген қателіктеріне тиісті баға береміз. Дегенмен мемлекет тарапынан бар лық қажетті шаралар қабылдануда. Қабылданған шаралар мен медицина қыз меткерлерінің ерлігінің арқасында емделіп шығып жатқан азаматтардың саны едəуір көбейді.
Көптеген елдердегі жағдай бізден де қиын. Дегенмен «Əр қазақ – менің жалғызым» дегендей, əр азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып əкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Бірақ біздің күресіміз жалғаса береді. Бұл індетті адамзат жуық арада жеңе қоймас. Алайда уайым мен қайғыға батып, түрлі қауесеттерге сеніп, еңсемізді түсіруге тағы да болмайды. Салмақты, сабырлы болайық!
Біздің жұмысымыз – айқын, қоғам алдында ешнəрсені жасырмай, ашық айтамыз. Болашақта да солай болады. Бүкіл күш жігерімізді жинап, індетпен күресе беруіміз керек.
Осындай күрделі жағдай кезінде ел арасында көптеген жалған əңгімелер тарауда. Теріс ақпарат таратып жүрген арам пиғылды адамдардың əрекеттері орын алуда. Өкінішке қарай, кейбір азаматтар жалған ақпаратқа сенетін болды.
Сонымен қатар тағы бір маңызды мəселе. Дəрігерлеріміз бұқаралық ақпарат құралдары арқылы азаматтарға нақты, бірізді мəлімет беруі керек. Дертті емдеудің неше түрлі жолдарын көрсетіп, адамдардың денсаулығына қауіп төндіруге болмайды. Мұндай əрекеттерге тосқауыл қою керек. Қыл мыс тық кодекстің 174-бабына сəйкес жалған ақпарат таратқан адам жауапқа тартылады. Құқық қорғау органдары ел ішіндегі осындай жөнсіздікке қатысты қатаң шаралар қолданатын болады. Сол сияқты дəрідəрмектің бағасын бірнеше есе өсіріп, қалыптасқан жағдайды өз мақсатына пайдаланғысы келген алыпсатарларды да құқық қорғау органдары менің тапсырмама сəйкес жауапқа тарта бас тады.
Қазір мемлекеттік органдар елді мекендерді қажетті дəрі-дəрмекпен толық қамтамасыз етуде. Осыған орай, тиісті қор жасақталған. Төсектік орындары да, медициналық қызмет көрсету ісі де толығымен қамтамасыз етіледі», деді ел Президенті халыққа арнаған үн деуінде.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы өз Үндеуінде елімізде қазіргі уақытта əмбебап мобильді бригада құрылғанын мəлім етті. «Мемлекет жағдайды тұрақтандыру үшін барлық шараны қа былдап жатыр. Алғашқы медициналық көмек қызметтері күшейтілуде. Үйде халыққа кешенді медициналық қызметтерді көрсету үшін 400 əмбебап мобильді бригада құрылды. Шілде айының соңына дейін олардың саны 3,5 мыңға дейін жеткізіледі», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің сөзіне қарағанда, ауруханалардағы төсектік орындарының санын көбейту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. «Мен нұсқау берген сəттен бастап коронавируспен сырқаттанған науқастарға арналған төсектік орын саны 70%-ға артып, олар 43 мыңға дейін жеткізілді. Бұл жұмысқа əскери дəрігерлер де белсенді араласуда. Қа ру лы Күштер ресурстарының ар қасында 500-ден астам төсектік орналастырылды. Вирустың ерекше таралу ошақтары орнында далалық ауруханалар жасақталуда», деді Президент.
Президент үндеуінде елімізде алдағы уақытта халықтың ПТР-тестілеуден өту жиілігі тəулігіне 40 мыңға жеткізілетіні атап көрсетілді. «Тестке қолжетімділікті арттыру мақсатында қа зіргі зертханалар қосымша жарақтандырылуда. Қосымша 20 ПТР анализатор сатылып алынады. ПТР-тест үшін 8 мобильді орталық құрылады. Бұл орталықтар ауылдарда да салынады», деді Қ.Тоқаев. Мемлекет басшысының пайымдауынша, бұл қолға алынған шаралар елімізде алдағы уақытта халықтың ПТР-тестілеуден өту жиілігін тəулігіне 40 мыңға жеткізуге мүмкіндік береді.
Президент халықты дəрі-дəрмекпен қамтамасыз ету мəселесі алдағы күндері өз шешімін табатынын мəлімдеді. «Дəрі-дəрмектермен қамтамасыз етуді жақсарту мəселесіне жеке тоқталғым келеді. Осы мақсатта дəрі-дəрмектерді сер тификаттау мерзімі мен тəртібі қыс қар тылды. Мемлекеттік сатып алу дың арнайы рəсімі эпидемияға қар сы қажеттіліктер үшін бір көзден алу бойынша əлеуметтік əдістің мерзімі ұзартылды. Қазақстан Республикасында тіркелмеген вирусқа қарсы препараттарды бір реттік əкелудің тəртібі жеңілдетілді. Мұндай өтініштер бір күннің ішінде қаралады», деді Қ.Тоқаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, індетке шалдыққандарды емдеуге арналған отандық өндіру шілердің жаңа пре параттарын тіркеу рəсімі жедел детілген. Жоғарыда аталған шаралардың барлығы халыққа қажетті дəрі-дəрмекті ауру ханалар мен дəріхана же лілеріне тез əрі тиімді жет кізуге мүмкіндік береді. «Үкі мет пен əкімдер ха лық - ты барлық қажетті дəрі-дəрмек термен қамтамасыз ету үшін шұғыл жұмыс жүргізуде. Ауруханалар үшін 30 мыңға жу ық науқасқа арналған дəрідəрмек қоры сатып алынды. Бұл қазіргі қажеттіліктен 70%- дан көп (шамамен 18 мың адам ауруханаға жатқызылған жағдайда). Жұмыс жалғасуда. Бөлшек сауда желісіне қажетті дəрі-дəрмектер жеткізілуде: 800 мың қаптама парацетамол, аптаның соңына дейін тағы 900 мың қаптама жеткізіледі. Дəріханалар желісіне 150 мың қаптама антибиотиктер жіберілді. Санаулы күндердің ішінде дəрі-дəрмекпен қамтамасыз ету мəселесі шеші мін табады. Азаматтардан тағы да өтінерім: дəрі-дəрмекті артық сатып алып, дүрбелең тудырмасаңыздар екен», деді Президент.
Мемлекет басшысы дəрідəрмектерді, өкпені жасанды желдету құрылғыларын сатып алуға, медицина қызметкерлерін ынталандыруға жəне басқа да шұғыл шараларға кем дегенде 150 миллиард теңге бөлінетінін, сондай-ақ бұл қаржының жұмсалуы ерекше бақылауда болатынын жеткізді.
Президент өз үндеуінің соңында баршаға мықты денсаулық, береке-бірлік тіледі. «Құр метті отандастар! Біз – талай зобалаң мен сынақты бастан өткерген, тарихтың талай дауылына бой бермеген халықпыз. Батыр бабалардың жолын жалғаған бүгінгі ұрпақ та қазіргі қиындыққа төтеп береді деп сенемін. Бəлкім, бұл біздің бірлігімізді байқау үшін берілген сынақ шығар. «Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» ұйымдаса білсек, бұл сыннан да өтерміз. «Денсаулық – зор байлық» деген халқымыздың дана сөзінің қадірін білейік. Əр азаматтың амандығы үшін күресейік! Баршаңызға мықты денсаулық, мызғымас берекебірлік тілеймін!» деді Мемлекет басшысы.
“Egemen Qazaqstan” газеті