» » Түркиядан өкпені жасанды желдету аппараттары жеткізілді

Түркиядан өкпені жасанды желдету аппараттары жеткізілді

Бүгін Түркия елінен Қазақстанға гуманитарлық көмек пен 30 өкпені жасанды желдету аппараты (ИВЛ) жеткізілді. Оның ішінде аппараттың 10 данасы Қызылорда облысына берілді.



Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Тасбөгет кентінде орналасқан облыстық фтизиопульмонология орталығына барып, Түркия елінен келген өкпені жасанды желдету (ИВЛ) аппараттарын табыстады.
Аппараттың үшеуі облыстық фтизиопульмонология орталығына берілді. Ал қалған жетеуі өңірдегі өзге ауруханаларға жеткізіледі.
Айта кету керек, Түркия үкіметімен бірге қазақ қауымдастығының өкілдері де елімізге қолдау көрсетуде.
Жоғарыда аталған орталықта 120 орындық инфекциялық стационар ұйымдастырылған. Оның ішінде 6 төсек жансақтау бөлімі болып ашылған. Бүгінгі таңда стационарда 111 науқас ем алуда, оның 4 жансақтау бөлімінде. Тағы 9 азамат облыстық көпбейінді және қалалық ауруханадан ауыстырылатын болады.
Айта кету керек, Қазақстандағы «Вi-group» құрылыс компаниясы 10 оттегі концентратын фтизиопульмонология орталығына сыйға тартқан.

syrboyi.kz
18 шілде 2020 ж. 303 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930