ЖАЛАҒАШТА МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАМЕН 18 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Бүгін облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев аудан әкімінің орынбасары Ерлан Бәкіровпен Жалағашта Жол картасы аясында жүзеге асып жатқан жұмыстармен танысты. Бірқатар құрылыс алаңына атбасын бұрған басқарма басшысы мемлекеттік бағдарламаны тиімді пайдалану үшін жұмыс барысында сапаға мән беру қажеттігін назарға салды.
Айта кетейік, ауданда Жұмыспен қамтудың Жол картасы мемлекеттік бағдарламасы аясында 18 жоба жүзеге асуда. Аудан бойынша 682 жұмыс орны құрылуы қажет. Оның ішінде 343 жұмыс орны аудандық жұмыспен қамту орталығынан жолданған жұмыссыздар қатарынан қабылдануы тиіс.
Талғат Дүйсебаев жұмыс сапары барысында М.Шәменов ауылындағы спорт алаңына жүргізілген жай жөндеу жұмыстарымен, Жалағаш кентіндегі А.Бисенов, Сопбеков көшелеріне жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстарымен, Наркескен спорт клубының ғимаратын жай жөндеу, ескі емхана ғимаратын балабақша етіп кайта жаңғырту, Жалағаш кентінің орталық алаңын абаттандыру, №13 Олимпиядалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі ғимаратын ағымдағы жөндеу, Ақсу елді мекенінің ішкі көшелерін жарықтандыру жұмыстарымен танысып, мердігер мекемелердің өкілдерімен, жергілікті жерден қамтылған жұмысшылармен, мекеме қызметкерлерімен пікірлесті.