ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ МҰРАТ БАҚТИЯРҰЛЫ ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БОЛДЫ

Мұрат Бақтиярұлы ең алдымен Мақпалкөл ауылдық округіндегі №117 орта мектепке жұмыспен қамту жол картасы аясында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен, ауылдық округтегі «Құрманбай ата» шаруа қожалығының алма бақ жұмысымен, «Ер-Әлі» шаруа қожалығының күріш алқабымен танысты.
Сондай-ақ, Мұрат Бақтиярұлы М.Шәменов ауылында жаңадан салынған 140 орындық мектептің құрылысымен танысты. Мектеп толық пайдалануға дайын. Жаңа оқу жылына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Сенат депутаты Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында А.Бисенов көшесіне жүргізіліп жатқан орташа жөндеу, ескі емхана ғимаратын балабақша етіп реконструкциялау, орталық алаңда және Мәдениет және өнерді дамыту орталығы ғимаратына жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты.

Аудандағы коронавирус инфекциясының алдын алу және таратпау бағытындағы жұмыстармен де танысып, аудандық ауруханада мобильді топ мүшелерімен, медицина қызметкерлерімен кездесті.