» » Індетті толық жеңіп шыққанша антисептік қолданып, маска тағу қажет

Індетті толық жеңіп шыққанша антисептік қолданып, маска тағу қажет

Коронавирус індетін толық жеңіп шыққанша антисептік қолданып, маска тағу қажет. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ал енді медицина саласындағы жағымды жаңалықтар жөнінде айтар болсақ, аймақтарда індеттен жазылған соңғы науқасты шығарып салып жатқан сәттер жиі жарияланып жатыр. Мәселен, өткен аптада елордамыздағы провизорлық ауруханада соңғы науқас жазылып шықты. Айта кетерлігі, бұл ардагерлерге арналған госпиталь болатын. Қазір мұнда коронавируспен ауырып жатқан науқас жоқ», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.
Ресми өкілдің айтуынша, алдағы уақытта госпитальде залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, тиісті сараптамалар жасалғаннан кейін бұрынғы қызметіне қайта көшеді.
«Ахуал тұрақтанды екен деп қауіпсіздік ережесін бұзуға болмайды. Мұны естеріңізге саламыз. Індетті толық жеңіп шыққанша антисептик қолданып, маска тағуып, әлеуметтік ара қашықтықты сақтаңыздар», – деді Бағдат Қожахметов.
17 тамыз 2020 ж. 206 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930