Туған күн тойлаған әкімдік қызметкерлері тәртіптік жазаға тартылды
Елімізде коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында карантиндік шектеулер енгізіліп, ұжымдық, жанұялық (туған күн, үйлену тойы, құдалық, басқа да дәстүр мен әдеп-ғұрып шаралары және т.б.) барлық жиындарға тыйым салынған болатын.
Дейтұрғанмен, аталған шектеулерді бұзатындардың қатарынан карантин талаптарының сақталуына бақылау жасайтын құзырлы мемлекеттік орган қызметкерлері де кездесуде.
Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында шектеулерді сақтамаған Шиелі ауданы әкімдігінің 4 қызметкерінің тәртіптік істері қаралды.
Тәртіптік істерді қарауға «Youtube» сайтында жарияланған бейнежазба негіз болды. Бейнежазбада Шиелі ауданы әкімі аппаратының басшысы мен бірнеше әкімдік қызметкерлерінің карантин кезеңіндегі шектеулерге қарамастан, туған күн кешіне қатысып, тойлап жатқаны жарияланған. Әкімдік қызметкерлері карантин талаптарын сақтамай, өздерінің іс-әрекеттерімен азаматтар тарапынан сыни пікірлердің туындауына себепкер болған.
Тәртіптік істердің материалдарымен танысқан Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері, карантиндік шектеулерді сақтамай Әдеп кодексі талаптарын бұзғаны үшін Шиелі ауданы әкімі аппаратының басшысына «сөгіс» берілгені дұрыс деп тапты.
Ал, туған күн кешіне қатысқан аудан әкімі аппаратының бас маманына, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасарына және аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманына «ескерту» түріндегі тәртіптік жазаны қолдану жөнінде шешім етті.
ҚР МҚІА Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің хатшылығы