» » МАҚСАТҚА БІРГЕ ЖЕТУ ҮШІН МАҢЫЗДЫ тапсырмалар ӨЗ ДЕҢГЕЙІНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ ТИІС

МАҚСАТҚА БІРГЕ ЖЕТУ ҮШІН МАҢЫЗДЫ тапсырмалар ӨЗ ДЕҢГЕЙІНДЕ ЖҮЗЕГЕ АСУЫ ТИІС

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кешегі Қазақстан халқына Жолдауында алдағы мақсат-міндеттерді айқындап берді. Саяси құжатта қамтылмаған сала жоқ десем, артық айтқандық болмас. Әсіресе бұған дейін де үлкен қолдаудың нәтижесінде тың серпін алған білім саласына Президентіміздің ерекше назар аударуы жас ұрпақтың сапалы білім ала отырып, бәсекеге қабілетті болуын одан әрі шыңдары сөзсіз.
Президент коронавирус індетінің салдарынан дүниежүзіндегі мектеп оқушылары мен студенттердің басым көпшілігі қашықтан оқуға көшкенін, бұл жұмыстың тәсілі мен мазмұнын түбегейлі өзгерткенін де ашық айтты. Расында солай. Мемлекет басшысы айтқандай, онлайн сабақтар жүргізілгелі Қазақстандағы кейбір білім ошақтарында мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар күндіз-түні «WhatsApp»-пен де жұмыс жасады. Бұл тұрғыда Президентіміз толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру платформасын шұғыл әзірлеу қажеттігін ескертті. Бұл өз кезегінде ұстаздар жұмысын оңтайландыра отырып, оқушылардың сапалы білім алуына жол ашары сөзсіз.
Шындығында, сапалы білім алу үшін бұрынғыдай сабаққа қатысып, мұғалімдермен және сыныптастармен араласудың орны бөлек. Президентіміздің санитарлық талаптарды сақтай отырып, білім алудың қалыптасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көшудің тәртібін әзірлеу қажет деуі де сондықтан. Бұл мектептер үшін аса маңызды.
Бұған дейін мұғалімдер жалақысының аздығы айтылып, педагогтарға мемлекет тарапынан үлкен қолдау болған. Президент Жолдауында да ұстаздардың әлеуметтік жағдайына аса басымдық берілген. Расында, аталған саладағы басты мәселенің бірі – ұстаздар жалақысының аздығы. Бұл тұрғыда Қасым-Жомарт Кемелұлының келер жылдан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдауы барша ұстаздар үшін жағымды жаңалық болды. Сондай-ақ ол жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта беретінін ашық айтты. Бұл мақсатқа алдағы үш жылда қосымша 1,2 триллион теңге қаржы қаралады. Мұндай қарқынды қолдау бәсекеге қабілетті өскелең ұрпақ қалыптасырудағы ұстаздардың жұмысына оң серпін берері сөзсіз.
Жолдауда білім саласына қатысты жан-жақты қамтылған келелі ой айтылды. Қарапайым мектептерге қолдау көрсетілетінін тілге тиек еткен Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл қала мен ауыл арасындағы білім беру саласында алшақтықты қысқартуға жол ашатынын ашық айтты. Сондай-ақ азаматтардың сауаттылығы мен цифрлы біліктілігін арттыру мақсатында Үкіметке Үздіксіз білім беру тұжырымдамасын әзірлеуді міндеттеді. Бұл құжатта бейресми білім берудің баламалы нұсқаларын көптеп енгізу, өз бетінше оқу нәтижелерін мойындау, кәсіби дағдыларды сертификаттау мәселелері толық қамтылады.
Президент өз сөзінде тек жас ұрпақтың білімін жетілдірумен шектелмей, олардың бойдағы дарынын шыңдауға да басымдық беру қажет екенін айтты. Бұл ретте осыған дейінгі «Балалар үйірмесі» қызметін қайта қалпына келтіру маңызды рөл атқаратыны сөзсіз. Онда жастарымыз қолөнердің және шығармашылықтың бастапқы негіздерімен танысады. Балалар үшін бүгінгідей аумалы-төкпелі заманда олардың күш-жігері мен қызығушылығын дұрыс арнаға бағыттау аса маңызды. Сондықтан Мемлекет басшысының Жолдауында жүктелген міндеттерді жүзеге асыруда жұмыла іс қылғанымыз абзал.
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында алдағы саяси реформалардың барлығы халықты мемлекет басқару ісіне кеңінен қатыстыруға бағытталу қажеттігі де нақты айтылды. Мәселен, қоғамдық пікір сауалнамаларымен ауыл әкімдерін сайлауға сұраныстың артқаны рас. Бұл маңызды қадамды егжей-тегжейлі ойластырып, дәйекті түрде жүзеге асырған абзал. Мұндай жүйенің қалай жұмыс істейтінін нақты түсінетін уақыт жетті. Сондықтан Мемлекет басшысы бұл мәселенің шешімін кейінге қалдыруға болмайтынын айтады.
Мәселен, келер жылы бірқатар ауылдық округ әкімдерінің өкілеттік мерзімі аяқталса, Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуге толық мүмкіндік бар.
Жолдауға зер салған кез келген жан бұл маңызды құжаттың мемлекет дамуына жол ашатынын айқын аңғарады. Ол үшін ортақ мақсатқа жету үшін саяси құжатта жүктелген міндеттерді орындауда баршамыз белсенді болуымыз қажет. Сөзімді аяқтай келе келелі ой, ұтымды ұсыныстар айтылған Жолдаудағы нақты тапсырмаларды жүйелі түрде жүзеге асыруда баршаңызға сәттілік тілеймін.

Мейрамбек ЖАМАНОВ,
№124 орта мектеп директоры,
аудандық мәслихат депутаты
08 қыркүйек 2020 ж. 489 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930