» » БІЛІМ ЖҮЙЕСІНЕ СЕРПІН БЕРЕДІ

БІЛІМ ЖҮЙЕСІНЕ СЕРПІН БЕРЕДІ

Мемлекет башысының Жолдауын Қазақстан халқы асыға күтеді. Өйткені, жеткен жетістіктерімізді екшелеп, алға қарай адымдау үшін жаңа жоспарлар құрылып, жаңа міндеттер жүктеледі.

Президент Жолдауын теледидардан тікелей эфир арқылы көріп, елдің экономикасын ары қарай дамытуға бағытталғанын түсіндік. Тіпті, жаһандануға бет алған ғылым мен технология заманында  әлемдік көштен қалып қоймас үшін жаңа мақсаттар белгіленген. Бұл өз кезегінде елдің әлеуетін арттыратын, болашағын жарқын ететін даңғыл жол салатын қадам болмақ.
Қазақстанның дамыған отыз елдің қатарына қосылуы, білім саласында жоғары жетістіктерге жетіп, озық елдермен терезе теңестіруі, бәсекеге қабілетті білікті мамандар қатарын арттыруы егемен еліміздің алдындағы басты міндет. Елбасы бұл жайлы саяси құжатта тілге тиек етті. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке келесі жылдың қаңтарынан бастап мұғалімдердің жалақысын 25 пайызға арттыруды тапсырды. Бұл жөнінде Жолдауда «Білім саласындағы басты мәселенің бірі – ұстаздар жалақысының аздығы. Мен 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көтеру жөнінде шешім қабылдадым. Жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта береді. Бұл мақсатқа алдағы үш жылда қосымша 1,2 триллион теңге бөлінеді», – деді Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысының бұл бастамасы білім жүйесіне серпін берері сөзсіз. Жолдауда айтылған әрбір ойдың астында үлкен мән жатыр. Барлық идея нақты мақсаттарға құрылып, елімізді дамыған мемлекеттердің қатарына қосуды көздейді. Алдағы уақытта да білім саласына жасалған осындай қолдау мен жан-жақты жопарланған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде едәуір ілгерілеушілік болатынына сенеміз.

Айгүл АБДУКАРИМОВА,
аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі
01 қыркүйек 2020 ж. 359 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930