» » ЭЛЕКТРОНДЫ ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІНІҢ КӨЛЕМІ АРТАДЫ

ЭЛЕКТРОНДЫ ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІНІҢ КӨЛЕМІ АРТАДЫ

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен электронды өнеркәсіпті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды primeminister.kz. Басқосуда Қазақстанда электронды өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3 жылда 8,5 есеге өсетіні айтылды. Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстанда электронды өнім өндіретін 64 кәсіпорын жұмыс істейді. Саладағы жұмыскерлер саны 1,6 мың адамды құрап отыр. 2019 жылы электронды өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 44,5 млрд теңгені құраған болатын. Бұл көрсеткішті 2018 жылмен салыстырғанда 35 пайызға артқан. Бұл ретте жалпы импорт көлемін ескергенде, аталған өнімдердің жергілікті қамту үлесі (1 трлн теңгеге жуық) небәрі 4 пайызды құрайды.

Электронды өнеркәсіп саласында бүгінгі таңда жаңа толық дайын өнімдерді: баспа платаларын («С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ), телекоммуникация жабдықтарын («Digital System Servis» ЖШС), суды, жылу мен жарықты есептейтін электронды құралдарды, деректерді сымсыз жеткізуге арналған модульдерді («Корпорация Сайман» ЖШС, «Орион-система» ЖШС және т.б.), компьютерлерді («С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ, «PS4U» ЖШС және т.б.), цифрлық бейне­камераларды («Перспектива» ҒӨБ, «NG Vision» ЖШС), радиостанцияларды («РТС Инжиниринг» ЖШС) шығару игерілген.
Электронды өнеркәсіпте отандық қамтуды одан әрі арттыруды ынталандыру мақсатында отандық өндірушілермен оффтейк-келісім-шарттарды арттыру, сауда желілері арқылы отандық құрастырылған компью­терлерді сатып алу үшін жеңілдікпен несиелендіруді енгізу, электронды өнеркәсіп саласындағы ҒЗТКЖ-ға қаржы бөлу және т.б. жолдар арқылы мемлекеттік қолдаудың қосымша шаралары қабылданатын болады.
2024 жылға қарай электронды өнеркәсіптегі өндірістің орташа жылдық көлемін 382,6 млрд теңгеге (өсім – 8,5 есе), экспорт көлемін 45 млрд теңгеге, мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардағы сатып алуда жергілікті қамту үлесін сәйкесінше 30 және 20 пайызға дейін жеткізу жоспарланған. Алдағы уақытта меже өз деңгейінде орындалса, 60 мыңнан аса жаңа жұмыс орны құрылып, орташа жылдық өсім 28 мың адамды құрайтын болады.
Кеңеске қатысушылар Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қойған цифрлық теңсіздікті жою және әлеуметтік әлжуаз отбасылардан шыққан балаларды компьютер техни­касымен қамтамасыз ету бойынша міндеттерді іске асыруға ерекше көңіл бөлді. Мәселен, 2020 жылдың соңына дейін 9 отандық өндіруші еліміздің мектептеріне қосымша 606 мың бірлік компьютер техникасын (351 мың компьютер және 255 мың ноутбук) өндіріп, жеткізеді. 2024 жылға қарай компьютер техникасының отандық өндірісі 5 есе, 165 млрд теңгеге дейін артатын болады.
Кеңеске Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Мусин, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б.Атамқұлов, Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов, Сауда және интеграция министрі Б.Сұлтанов, басқа да министрліктер мен ведомстволардың басшылары, сондай-ақ «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қ.Есекеев қатысты.



15 қыркүйек 2020 ж. 279 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930