» » Қазақстанда жалпыұлттық сауалнама басталды

Қазақстанда жалпыұлттық сауалнама басталды

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы «Ел аманаты» жалпыұлттық сауалнамасын жүргізеді. Сауалнама 23 қыркүйектен 25 қазанға дейін созылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Ел аманаты» жалпыұлттық сауалнамасын өткізу туралы шешім «Ауыл» партиясы саяси кеңесінің 23 қыркүйекте өткізген отырысында қабылданды. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Төлеутай Рахымбеков мәлімдеді.

«Ауыл» партиясы ел ішіндегі ең маңызды деген әлеуметтік және экономикалық проблемаларды айқындау үшін осы іс-шараларды бастайды. Бұл сауалнаманы өткізудегі негізгі мақсат – қоғамды толғандыратын түйткілді мәселелерді ел азаматтарынан аманат етіп алып, саяси бағдарламаларға енгізіп, мемлекеттік билікке ықпалын жүргізу арқылы халыққа тиімді қызмет ету», – деді Рахымбеков онлайн брифингте.
Айтуынша, жалпыұлттық сауалнама денсаулық сақтау, білім беру, несие қайтару, жемқорлықпен күрес, баспана, жер қатынастары, ауылдардың дамуы және тағы басқа өзекті мәселелер енген.
«Сауалнама барысында негізгі проблемалардың тізімі берілді. Қатысушылар солардың ішінен ең маңызды дегенін белгілеп жіберсе, біз сол мәселелерді партияның саяси бағдарламасына енгізіп, оларды шешу жолында еңбектенетін боламыз», – деді ол.
«Ауыл» партиясы орталық аппаратының жетекшісі Қуаныш Сейітжанов жалпыұлттық сауалнамаға Қазақстанның 18 жастан асқан кез келген азаматы қатыса алатынын атап өтті.
Жалпыұлттық сауалнаманың мақсаттары:
қоғамдағы өзекті мәселелерді анықтап, тиісті үкіметтік органдарға жеткізу; 
сауалнама ұйымдастыру арқылы Қазақстанның әрбір азаматының қоғамды дамытуға өз үлесін қосуға мүмкіндік беру;
қордаланған мәселелерді қоғамның елегінен өткізіп, оларды «Ауыл» партиясының бағдарламасына енгізу; 
өңірлердегі бастауыш партия ұйымдарының белсенділігін арттырып, тұрғындармен қарым-қатынасты жандандыру;
белсенді де бастамашыл азаматтарды патриоттық идеяларды жүзеге асыру жолында жұмылдыру.
«Сауалнама 2020 жылдың 23 қыркүйегінен 25 қазанына дейін Қазақстанның барлық өңірінде өтеді. Біз «есіктен есікке» принципінен бас тартқан жоқпыз. Есіктен есікке жазбаша түрде жүргізіледі. Екіншісі, әлеуметтік желілер –  Facebook, Instagram арқылы,  WhatsApp, Telegram қосымшалары арқылы да жүргіземіз», – деді ол.
Түркістан қаласында «Ел аманаты» республикалық штабы құрылады. Штаб жоба аясында халықпен тікелей жұмыс істейді, жазбаша сауалнаманың жүргізілу барысына күнделікті мониторинг жасайды.
«Сауалнама жалпы 15 аманаттан тұрады. Он төрт аманат, ал 15-ші аманат – респонденттің өз ұсынысы. Әр адам сауалнама соңында өзін мазалап жүрген кез келген қоғамдық мәселені ұсыныс ретінде біздің партияға жолдай алады», – деді Сейітжанов.
23 қыркүйек 2020 ж. 263 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930