» » Әліпбиге құрмет жоғары

Әліпбиге құрмет жоғары

Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшуіміз керек екенін және болашақта барлық саладағы іс-қағаз бен оқулық осы әріппен жазылу керектігін айтқан болатын.
Қазіргі таңдағы ең өзекті мәселе – әліпбидің өзгеруі, яғни кириллицадан латын әрпіне көшу. Латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы. Осы орайда елімізде Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмысы аясында республика бойынша латын графикасы негізіндегі жалпыхалықтық диктант алынды. Республикалық акция еліміздің барлық аймағын қамтып, оған 2 миллиондай қазақстандық қатысып, өздерінің латын әліпбиіне көшуге бейімдігін көрсетті. Мектеп қабырғасында ағыл­шын тілін оқып жатқан бүлдіршіндерге, ком­пьютер меңгерген жастарға әліпби меңгеру қиынға соқпайтыны байқалды. Бұл дегеніңіз, Мағжан, Абай аталарымыз қолданған әліпбиге деген құрмет болып саналады.
Латын графикасына көшу – өз әліпбиімізге, өз әлемімізге, өз тілімізге, өз ділімізге оралу деген сөз. Бұл жаңашылдық өркениетті озық елдер қатарына кіруге жол ашады. Себебі қазір ақпараттық технология заманы. Біз технологияны меңгере отырып, жаңа өмір талабына сай өсіп-өркендеуіміз керек. Латын гра­фикасын терең меңгерсек, түркі тектес ел­дермен қарым-қатынасымыз нығайып, ше­тел­­дік қандастарымызбен байланысымыз да нығаяды. Осы жүйеге көше отырып, еліміз орыс тілі графикасына деген тәуелділіктен арылады. Қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталуындағы артық кірме сөздерден тазарамыз. Әрбір елім деген қазақстандық латын әліпбиіне көшу арқылы жаңа кеңістікке жол ашып, өзін жаңа сатыға көтереді деп ойлаймын.

Жанар Топаева,
Мардан Байділдаев атындағы
№232 орта
мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
29 қыркүйек 2020 ж. 224 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930