» » аймаққа 8 млрд теңге инвестиция тартылмақ

аймаққа 8 млрд теңге инвестиция тартылмақ

Пандемия тіршіліктің барлық саласына кері әсер еткені рас. Экономикаға да, әлеуметтік салаға да өз салмағын салды. Облыста да бұл фактор байқалды. Алайда, қол қусырып отыратын кез емес, өңірді өркендету жолындағы істер тұралап қалмайды. Бұл туралы облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өткен жексенбіде «Qazaqstan» ұлттық арнасының «Apta» бағдарламасындағы Жайна Сламбекпен өткен сұхбатта мәлімдеді.

Облыс әкімі аймақтың тыныс-тіршілігінің, ауыл ша­­руашылығы, карантин уақытындағы кәсіп­кер­лік­тің жайын баян­дады. Сонымен қатар құры­лыс, тұрғын үй салу мен өңірді дамытуға қатысты қолға алынған жобалар мен инвестиция тарту мәселесін де қозғады. Өңір басшысы өз сұхбатында корона­вирустың әсерінен мұнай, жер асты қазба бай­лықтарының бағасы да төмендеп кеткенін тілге тиек қылды.
– Мәселен, облыста бұрын 11 млн тонна мұнай өн­діріліп келсе, былтыр 5,6 млн тонна ғана өн­дірілген. Ал биыл бар болғаны 4,2 млн тоннаны қанағат тұтып отырмыз. Инвестиция, инвестор тарту мәселесінің қарқыны да өткен жылдан төмен. Яғни 230 млрд теңгені құрайды. Бұл жерде де обьективті факторлар бар. Былтыр ауқымды республикалық жобалар болды. Мысалы, «Сарыарқа» газ құбыры, екі газ станциясы, сонымен бірге күн жылу электр станциясы салынды. Енді біз осы жыл мен келесі жыл үшін қатар жұмыс істеудеміз. Оның үстіне пандемия кезінде, қарым-қатынас азайып, тіпті бір облыстан екінші облысқа қатынау қиын болған кезде көптеген мәселелерді өз өңірімізде, облыста шешу керек екенін түсіндік. Ауқымды талдау жасадық, экономиканың 24 бағыттағы саласы бойынша зерттелді, әлеуметтік жағдай сарапталды. Зерттеулер бойынша, ең қажет деген азық-түліктің 70-і, азық-түлік емес тауарлардың 35-і сырттан әкелінеді екен. Осы себепті ойлана келе, өзіміздің экономикалық картамызды жасадық. Бұған «Ата­мекен» палатасы да қатысты. Осы жергілікті жер­дегі республикалық палатамен бірге пилоттық ретінде қарадық. Сонымен, қазіргі кезде 265 жобаны дайындап қойдық. Бұл жобалар 271 млрд теңге инвестиция алып келеді деп отырмыз, – деді аймақ басшысы.
Мұнан соң тілшінің аймақта мұнай мен күріштен басқа қандай өнім өндіруге болатыны жайлы сауалына Гүлшара Наушақызы өңірде пандемия кезінде күрделі жағдай қалыптасуына байланысты сұраныс пен өндірістің арасында тепе-теңдік болмай, көкөністі көрші Түркістан облысынан тасымалдап, ет пен картоптың да әр отбасындағы қажетін өтей алмаған күрделі жағдай болды деді. Өкінішке қарай, мұның бәрі шекараға қойылған бекеттердің да тасымалға кедергі болғанынан екенін айтты. Сондай-ақ облыс әкімі биылғы су тапшылығының өте күрделі болғанын, Қырғызстандағы «Тоқтағұл» су қоймасында былтыр 18 млрд текше метр су болса, биыл оның көлемі 12 млрд текше метрге азайғанын, Шардарада су былтырғыдан 1,1 млрд-қа аз болғанын, егіс егіліп болғаннан кейін, қиындық туындағанын баяндады. Алайда соған қарамастан 551 мың тонна күріш жиналғанын, бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 15 мың тоннаға көп екенін жеткізді. Егісті әртараптандыру мәсе­лесінің тиімді жақтарын саралап өткен аймақ басшысы, болашақта күріштің егістік алқабының 80-85 мың гектарын сақтап, қалғанына басқа дақыл орналастыру жайын қарастыратынын айтты.
Сұхбат барысында облыс әкімі шыны зауытының құрылысы 70 пайызға аяқталғанынан хабардар етті. Оның төңірегінде екі ғана мәселе балқыту ваннасы мен күйдіру пеші тұрғанын, бұл тұрғыда қазір мамандармен келіссөз жүргізіп жатқанын жеткізді. Ел назар салар статистикаға да тоқталды. Оның айтуынша, елімізге жылына бағасы бір миллион доллар тұратын шыны сырттан келеді екен.
– Егер өз зауытымызды өндіріске енгізетін болсақ, сол бір миллион доллар өзімізде қалады, одан басқа егер сыртқа сатсақ, тағы да кіріс кіргелі тұр. Сондықтан қазір осы мәселені көтеріп отырмыз. Сондай-ақ шыны зауытының айналасында 8 зауыт, ілеспе зауыт саламыз деп жоспарладық. 3 зауыттың жобасы, бизнес жоспары нақтыланды. Кәсіпкерлер қызығушылық білдіріп, қазір құжаты әзірленіп болып қалды. Мысалы, шыныдан жасалатын ыдыстар. Екінші зауыт – айна жасау зауыты. Үшінші зауыт – шыны талшығы. Бұл құрылыста өте көп пайдаланылады. Бұл үш зауыттың өзі мысалы, 15-16 млрд теңге инвестиция тартады екен. Содан кейін Шалқия кен байыту жері бар. Ол жерде де қорғасын, мырыш өңдейтін өндіріс салынады. Бұл мәселеге қатысты қазір “Самұрық-Қазынамен” бірге жұмыс істеп жатырмыз. 8 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылып, жұмыс басталмақ. Одан басқа Арал өңірінде кальцийлендірілген сода зауытының барлық құжаты дайындалды. Экология министрлігінің сауалы бойынша қалдықты сақтайтын қойма мәселесінің жобасын толығымен шештік. Қазіргі таңда кәсіпкерлер оны да бастауға әзір, – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.
Шынында аталған маңызды жобалар жүзеге асса, аймақ экономикасының әлеуеті артып, ел тайқазаны табысқа толмақ.
27 қазан 2020 ж. 271 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 768

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930