» » Заңға «Онлайн-оқыту» ұғымы енгізілді

Заңға «Онлайн-оқыту» ұғымы енгізілді

«Білім туралы» Заңға «онлайн-оқыту» ұғымы енгізілді. Сол себепті, балалармен көбірек уақыт өткізіп, бірігіп жұмыс жасау керек. Бүгінде ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды ерте жастан белгілі бір кәсіпке баулу, шығармашылық әлеуетін арттыру, болашағын бағдарлауға ұмтылдыру, қоршаған ортаға деген қызығушылығын арттыру аса маңызды.
Сондай-ақ, Заңға ата-аналардың міндеттері мен жауапкершілігін күшейту бойынша баптар енгізілді. Оның ішінде, баланы Отанға сүйспеншілікпен және құрметпен қарауға тәрбиелеу, азаматтардың ар-намысын қадірлеуге, мектепке дейінгі білім мен тәрбиені, қосымша білім алуды қамтамасыз ету, білім беру ұйымдарында жұмыс жасайтын қызметкерлердің ар-намысын құрметтеуге үйрету қарастырылды.
«Өңірде 56 мыңға жуық әлеуметтік осал топтағы бала бар. Оның ішінде, 849-ы жетім және ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған, 6593-і мүмкіндігі шектеулі бала, 30 мыңға жуығы аз қамтылған отбасынан шыққан балалар. Елімізде «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексіне жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәуелсіз өмірге дайындау мақсатында тәлімгер тағайындау ұсынылды. Яғни тәлімгер балалардың өмірге бейімделуіне, тұлға болып қалыптасуына көмектеседі. Бұған қоса, кәмелетке толмағандардың пікірін ескеру 10 жастан болса, енді 7 жасқа дейін азайту ұсынылды», – деді Облыстық білім басқармасының балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы Шолпан Жүнісова.
20 қараша 2020 ж. 166 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 773

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930