» » Г. Әбдіқалықова: «Байқоңыр қаласындағы қазақстандық тұрғындар үшін көп пәтерлі тұрғын үйлер салынады»

Г. Әбдіқалықова: «Байқоңыр қаласындағы қазақстандық тұрғындар үшін көп пәтерлі тұрғын үйлер салынады»

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Байқоңыр қаласындағы қазақстандық тұрғындар үшін көп пәтерлік тұрғын үйлер салынатынын мәлімдеді.

Гүлшара Наушақызы атап өткендей, биыл облыста 1946 пәтерлік 98 көппәтерлі тұрғын үй салынуда, оның 969 пәтерлік 74-і жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.
Ал, келесі жылы Байқоңыр қаласында Қазақстан азаматтары үшін тұрғын үй салу жалғасады. Өткен жылы Байқоңырда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 30 жылда алғаш рет 250 пәтерлік бес тұрғын үй салынды.

«Кезекте тұрған 1300-ден астам қазақстандықты ескере отырып, Байқоңыр қаласында тағы да елу пәтерлік 5 үйдің құрылысын 2021 жылы бастау туралы шешім қабылданды. Үкіметтің қолдауы нәтижесінде инженерлік коммуналдық инфрақұрылымды дамыту мәселелерін де шешеміз», – деді өңір басшысы.

kyzylorda-news.kz


23 қараша 2020 ж. 276 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930