» » Президент волонтерлерді мерекелерімен құттықтады

Президент волонтерлерді мерекелерімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық еріктілерді мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Бүгін бүкіл әлемде Халықаралық волонтерлар күні атап өтілуде. Олар, шын мәнінде, қарапайым адамдардың мүдделері үшін қайырымдылықтың, шынайылықтың, имандылықтың символына айналды. Волонтерлік – нағыз патриотизмнің көрінісі. Осы жылды Волонтерлар жылы деп жарияладым", - деп жазады Тоқаев Twitter парақшасында.

Бұған қоса, ол волонтерлік уақытша науқан емес екенін атап өтті.

"Еріктілерімізді мақтан тұтамын және олардың орасан зор әрі пайдалы жұмыстарына, әсіресе, пандемия кезіндегі еңбектері үшін ризашылығымды білдіремін. Волонтерлік уақытша науқан емес, ол он мыңдаған азаматтарымыздың жан тебіренісі. Біз әрқашанда біргеміз!" - деп қосты президент.
05 желтоқсан 2020 ж. 165 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 003

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031