» » Тоқаев қазақстандық әйелдерді мерекемен құттықтады

Тоқаев қазақстандық әйелдерді мерекемен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы барша азаматшаларды 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тоқаев
"Ардақты аналар! Аяулы арулар!
Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Әйелдер қауымы – әрдайым отбасының ұйытқысы, береке-бірліктің шырақшысы. Әр адамның өміріндегі қуанышты әрі жарқын сәттердің көп болуына сіздер мол үлес қосып келесіздер.   
Ел басына күн туғанда асыл аналарымыз бен аяулы аруларымыз қиындыққа мойымай, ұлт тағдырына араласты. Еселі еңбегімен және ерен ерлігімен танылған әйелдердің есімдері тарих жылнамасына мәңгілікке жазылып, жадымызда жатталады.
Егемен елімізде әйелдер қауымы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылды. Отбасы институтын, көп балалы аналарды, кәсіпкер әйелдерді қолдау және гендерлік теңдікті қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың аса маңызды басымдығы.
Сіздердің шығармашылық және кәсіби біліктіліктеріңізді арттыру үшін барлық жағдай жасалуда. Алдағы уақытта талантты да талапты әйелдер қоғамдық-саяси өмірдің түрлі саласында зор жетістікке жететініне сенемін.
Сіздерге мықты денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!" - деп ізгі ниетін білдірді президент. 
08 наурыз 2020 ж. 591 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 778

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031