Ресейлік саясаткер Қазақстан туралы даулы сөзіне түсініктеме берді
Ресей Федерациясы Мемлекеттік думасының білім және ғылым комитетінің төрағасы Вячеслав Никонов «Қазақстан территориясы – Ресейдің үлкен сыйы» деген сөзіне қысқаша түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ал көрші ел саясаткерінің мұндай мәлімдемесі қазақ қоғамында үлкен резонанс тудырған болатын.
Сондай-ақ, кейбір ресейлік саясаткерлердің Қазақстанға қарсы мұндай арандатушылық әрекеттері мемлекеттер арасындағы одақтастық қатынастарға үлкен зиян келтіретіні де айтылды.
Сонымен қатар, парламент сенатындағы халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед ресейлік әріптесінің сөзін «арандатушылық» деп атады.
Ал көрші ел саясаткерінің мұндай мәлімдемесі қазақ қоғамында үлкен резонанс тудырған болатын.
«Мен Қазақстан Республикасының шекарасына айналған Қазақ КСР-нің шекараларын анықтағанда Қазақстанның мүдделері толығымен сақталды деп есептеймін. «Большая игра» бағдарламасында осыны айтқан едім. Ал енді осы жағдайға байланысты бауырлас Қазақстан халқына тағы да жылы лебізімді білдіремін», – деп жазды Никонов өзінің Telegram-арнасында.
Мәлімдемені Қазақстан қалай бағамдады
Никоновтың мәлімдемесінен кейін Ресей Федерациясының уақытша сенімді өкілі Александр Комаров Қазақстан сыртқы істер министрлігіне шақырылды. Оған наразылық нотасы тапсырылып, ресейлік саясаткерлердің мұндай мәлімдемелерінің алдын алу туралы ескерту жасалды.Сондай-ақ, кейбір ресейлік саясаткерлердің Қазақстанға қарсы мұндай арандатушылық әрекеттері мемлекеттер арасындағы одақтастық қатынастарға үлкен зиян келтіретіні де айтылды.
Сонымен қатар, парламент сенатындағы халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед ресейлік әріптесінің сөзін «арандатушылық» деп атады.
«Барлық қазақстандықтар үшін қасиетті мереке – Тәуелсіздік күні қарсаңында никоновтардың мұндай демаршы біздің азаматтарымыздың үлкен наразылығын тудырды. Бұл саяси жауапсыздық қана емес, сонымен қатар ғасырлар бойы біздің ортақ мұрамызды – халықтар арасындағы достықты құрып келе жатқан миллиондаған қазақтар мен орыстардың жадын қорлау болып табылады», – деді ол.