Қазақстанның үш облысында дауылды ескерту жарияланды
Қазақстан аумағының көп бөлігі бұрынғысынша солтүстік антициклонның әсеріне ұшырайды. Осыған байланысты 3 қаңтарда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Тек республиканың батысы мен шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен кей жерлерде қар жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі, оңтүстік пен батыста жел күшейіп, боран соғады.Қызылорда облысында 3 қаңтар күні таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан, шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Қызылорда қаласында 3 қаңтар күні таңертең және күндіз солтүстік-шығыстан жел тұрады, екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі. Оралда 3 қаңтарда түнде және таңертең тұман түседі.
Ақмола облысында да 3 қаңтарда тұман түседі.