Найзағай, дауыл, бұршақ: Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа-райы бұзылады
19 тамызда Нұр-Сұлтан мен Қазақстанның бірнеше облысында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтанда күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.Қарағанды, Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Кей жерлерде жел 15-20м/с соғады, кейде екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында да күн күркірейді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз - 15-20 м/с, тіпті екпіні секундына 23 метрге дейін жетуі мүмкін.
19 тамыз күні Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі.
stan.kz