» » Қазақстанның 7 аймағының тұрғындарына жел туралы ескерту келді

Қазақстанның 7 аймағының тұрғындарына жел туралы ескерту келді

Қазгидромет 23 мамырда еліміздің 7 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.

Солтүстік Қазақстан облысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады. Шығыстан жел соғады, күндіз желдің күші 15-20 м/с жетуі ықтимал.
Қостанай облысында найзағай жарқылдайды. Оңтүстіктен жел соғып, жылдамдығы 18 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысында найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік, солтүстік-батыстан соғады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал.
Маңғыстау облысында найзағай, күндіз шаңды дауыл соғады. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал.
Күндіз Ақтөбе облысында оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Атырау облысының батысында найзағай күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-100 %.



23 мамыр 2020 ж. 434 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 719

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031