» » Ұлттық мүддені көздейтін мақала

Ұлттық мүддені көздейтін мақала



Ел Президентінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласын тебірене оқып шықтым. Онда тәуелсіздіктің 30 белесінде жеткен жетістіктерімізге орнықты баға беріліп, саралап жазылыпты.  Елбасының егемен ел тарихындағы еткен өлшеусіз еңбегі де ерекше тарихи деректермен ұғынықты беріліпті. Көңілімнен шыққаны, өткен тарихты таразылауда қателікке ұрынбай, өз тарихымызды өз халқымыз жазсын деп Мемлекет басшысының нақты тапсырма бергені болды.  «Шынына келсек, Тәуелсіздік жылдарында бірнеше рет қолға алынғанына қарамастан, ұлттық мүддемізге сай келетін көп томдық жаңа тарихымыз әлі толық жазылған жоқ. Оның тұжырымдамасын бұған дейінгі олқылықтарды ескере отырып қайта қарап, жаңа ғылыми ұстанымдар мен жаңалықтардың негізінде тыңнан жазатын уақыт әлдеқашан келді. Барлық оқулықтар осындай іргелі еңбекке негізделіп әзірленеді. Бұл – ұлт шежіресін дәріптеу тұрғысынан алғанда стратегиялық маңызы бар мәселе. Сондықтан, Қазақстанның академиялық үлгідегі жаңа тарихын жазуды дереу бастау керек. Түптеп келгенде, тарихи сананы жаңғырту мәселесінің түйіні – осы. Бұл іске беделді тарихшыларымызды тарту қажет» деді ол.  
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қазақстанның қысқаша тарихын жазып, әлемнің негізгі тілдеріне аудару керектігін, халқымыз өзінің арғы-бергі тарихын өзі жазуға тиіс екендігін жеткізді. Ұлттық мүддені көздейтін  шежіре ұрпақтың санасын оятып, ұлттың жадын жаңғыртатынын атап көрсетті.
Шынында Президенттің жазған мақаласындағы сүбелі ойлар, тың тапсырмалар, келелі пікірлер көпшілікке ой салуымен құнды.

Қабыланбек Нұрмағанбетұлы,
Бұқарбай батыр ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы

05 қаңтар 2021 ж. 218 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 762

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930