» » 102 жастағы жалағаштық қария сайлау учаскесіне келіп дауыс берді

102 жастағы жалағаштық қария сайлау учаскесіне келіп дауыс берді

102 жастағы жалағаштық қария Бәти Аманбаева бүгінгі саяси науқанда өз таңдауын жасады. Еңбек ауылындағы әжеміз таң атысымен ауылдық мәдениет үйінде орналасқан №149 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.
Ғасыр жасаған әжеміз бүгінгі науқаннан ешкім шет қалмаса дейді. Себебі кемел келешек үшін әрбір қазақстандықтың таңдауы маңызды деп есептейді.
– Өз ауылымдағы сайлау учаскесіне келіп таңдауымды жасадым. Себебі жүзден ассам да мемлекетімнің болашағы мен үшін маңызды. Әрбір отандасымыз осындай түсінікте болса деймін. Жастар да, орта буын да, тіпті біз де бұл науқаннан шет қалмай өз таңдауымызды жасауымыз керек, – дейді Бәти әжеміз.
Айта кетейік, ғасыр жасаған қария ұл қыздарынан өрбіген 25 немере, 42 шөбере, 14 шөпшек сүйіп отыр. 

10 қаңтар 2021 ж. 6 997 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 123

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930