» » Қасым-Жомарт Тоқаев православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қымбатты отандастар!
Барша православ христиандарын Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрам ізгілік пен мейірімнің, сүйіспеншілік пен жақын жандарға жанашырлықтың сан ғасырлық дәстүрін дәріптейді. Қоғамдағы рухани-адамгершілік құндылықтар мен конфессияаралық келісімді нығайта түседі.
Православ христиандары басқа да дін өкілдерімен бірге мемлекетімізді дамытуға және халқымыздың береке-бірлігін арттыруға зор үлес қосуда. Біз бірлесіп Қазақстанды қазіргіден де қуатты елге айналдырамыз. Бәріңізге зор денсаулық, бақ-береке, толағай табыс тілеймін!
Бүгінгі мейрам шаттық пен қуаныш әкелсін
07 қаңтар 2021 ж. 275 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 648

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31