AVE ADIKUS ХАЛЫҚПЕН БІРЛЕСІП НАУҚАС СӘБИДІҢ ЕМІНЕ МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ҚАРАЖАТ БЕРДІ

1 жарым жасар Әлім туылғаннан бастап аурудың азабын тартып келуде. Ол өздігінен дем ала алмайды. Дем алу үшін арнайы құрылғы арқылы кислород беріп келеді. Сонымен қоса, мұнан бөлек басқа 8 түрлі диагнозбен ауырады. Сәбидің еміне, қажетті дәрі-дәрмектерін арнайы шет елдерден алуға ата-анасының мүмкіндігі де жоқ.
"Мен Әлімнің жағдайын көрген соң қолдау білдіру қажет деп шештім. Менің көрермендеріме, халыққа ерекше алғысымды білдіремін. Бұл жағдайды айтқан соң аз уақыттың ішінде бір миллион теңге жиналды. Алдағы уақытта қолдауымызды жалғастыра беретін боламыз" - деді, "AVE ADIKUS" арнасының блогері Әділет Әшірбек.
Сәбиінің дәрі-дәрмектеріне, қажетті заттарын алуға қаражат табылғанына ана өте қатты қуанышты болды. Себебі, қаражат тапшылығынан, елде қажетті дәрі болмағандықтан қолы байлаулы күйде болған. Белгілі блогердің бастамасы мен халықтың қолдауына Әлімнің анасы да өзінің жүрек жарды лебізі мен алғысын айтты.