Қазақстандықтар 3 миллиардқа жуық қолма-қол ақшасыз операция жасады

Бұл ретте айтарлықтай өсім карантиндік шектеулерге байланысты қалыптасып отыр. Қолма-қол ақшасыз жасалған транзакциялардың жалпы санындағы онлайн-транзакциялардың үлесі 2020 жылдың соңында 66% -ті құрады, ал 2020 жылдың басында ол тек 46% болды.
2020 жылдың қорытындысы бойынша, мобильді және интернет-банкингті белсенді пайдаланушылар саны 82%-ке артып, 14 миллионды құрады. Жалпы, осы қызметтерді қолданушылардың саны бір жыл ішінде 46%-ке өсті.