» » Жұмыртқа бағасы неліктен қымбаттады?

Жұмыртқа бағасы неліктен қымбаттады?

Сауда және интеграция министрлігі жұмыртқа бағасының неліктен қымбаттағанын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz

Министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпараттарған қарағанда, 2021 жылдың 25 наурызындағы жағдай бойынша апта сайынғы статистикалық деректерге сәйкес ел өңірлерінде 1-санаттағы он жұмыртқаның бағасы 340 теңгеден бастап 485 теңгеге дейін құбылады. Жыл басынан бері бағаның өсуі 11,9%-ды құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекет бағаны реттей алатын әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тізіміне тек 1-санаттағы жұмыртқа ғана жатады. Бағаның өсуінің негізгі себебі құстардың 2020 жылы тұмаудан қырылуы себеп болып отыр.

Соның салдарынан 2020 жылы жұмыртқа өндірісі 8,4%-ға қысқарды. Қазақстанның жұмыртқа өндірушілері қауымдастығының деректері бойынша тұмау салдарынан 2,6 млн. мекиен тауық қырылған. Бағаның өсуінің екінші себебі – жем-шөптің қымбаттауы (оның ішінде жемдік астық). Жыл бойы жем-шөптің құны 54.4%-ға ұлғайды.

«Өңірлерде бағаның одан әрі өсуіне жол бермеу мақсатында жұмыртқа өндіруші компаниялар мен сауда объектілері (дүкендер, сауда желілері) арасында жұмыртқа сөрелеріне тікелей жеткізу және сатудың тіркелген бағасын қамтамасыз ету туралы меморандумдар жасалады. Әкімдіктер басқа да әлеуметтік маңызы бар тауарлар бойынша осындай жұмыстар жүргізуде», делінген хабарламада.
31 наурыз 2021 ж. 402 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 718

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031