» » Сүт өнімдері қымбаттады

Сүт өнімдері қымбаттады

Сүт және сүт өнімдері қымбаттады, - деп хабарлайды Energyprom.kz.
Портал сарапшылары Қазақстанда 2019 жылы қаңтар-қыркүйек аралығында сүт өнімдері өндірісі 225,2 миллиард теңгеге өскен. Бір жыл бұрын осы көрсеткіш 214,3 миллиард болған. Өндірістік өнім индексі қатарынан екінші жыл 101,8 пайыз болды.
Сүт өнімдері арасында өңделген сүт және қаймақ өндірісі ұлғайған: 387,4 мыңнан 416,4 мың тоннаға дейін. Ірімшік пен сүзбе өндірісі де өскен: 20,7 мыңнан 21,8 мың тоннаға дейін. Кілегей майы13,7 мыңнан 14,3 мың тоннаға, басқа да сүт өнімдері - 165 мыңнан 166,9 мың тоннаға өскен.  Сүт өнімдері өндірісінің өсуіне қарамастан, бағаның өсуі жалғасып жатыр.
Пастерленген сүт бағасы бір жылда 12,2 пайызға өскен. Қазір оның бағасы 238,2 (бір литр) теңге. Мәйек ірімшік (сычужный сыр) пен сары май бағасы он пайызға өскен. Сүт өнімдері арасында тек бес-тоғыз пайыздық сүзбе арзандаған. Оның бағасы 0,2 пайызға төмендеп, бір келісі 1,6 мың теңге тұрады.
Сүт өнімдері бағасының өсуі Қазақстанның 17 өңірінің 12-інде аз тұтыну байқалған. Шымкентте тұтыну көрсеткіші - 26,1 пайызға, 51,4 келі (литр). Маңғыстау облысында тұтыну 10,9 пайызға, ал Павлодар облысында 10,5 пайызға төмендеген. 

03 қараша 2019 ж. 617 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 733

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930