» » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ БІРЛЕСКЕН СЕМИНАР

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ БІРЛЕСКЕН СЕМИНАР

«Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалының мәжіліс залында Жалағаш ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі және №11 өрт сөндіру бөлімінен қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық алдын алу бағытында кездесу болып өтті.

Кездесуге Жалағаш аудандық прокуратурасының прокуроры Н.Муса, партия филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Т.Садықов, қоғамдық кеңестің мүшесі А.Кенжебаев, аудандық партия филиалының «Құқықтық кеңес» жетекшісі Қ.Бөлембаев, Жалағаш ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы Е.Серманов, №11 өрт сөндіру бөлімінен қызметкерлері және партиялық бақылау комиссиясы қатысты.

Жиынды аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева ашып, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев және ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауларының ең өзектісі, ең маңыздысы бүгінгі кеңес отырысына арқау болып отырған «Жемқорлық», «Сыбайлас жемқорлық» мәселесін көтеріп, барша Қазақстандықтарды еңбек этикасын адал сақтауға, өз білімі мен біліктілігіне сеніп жұмыс жасауға шақырды. Өздеріңізге белгілі «Сыбайлас жемқорлық» қазіргі таңда әлем халқының назарына алынып отырған саяси дерттің көшін бастап тұрғанын жеткізді.

Кездесуде Жалағаш аудандық прокуратурасының прокуроры Н.Муса жемқорлықтың алдын алу бойынша атқарылып жатырған жұмыстар жайында айтып өтті.

Сөз алған партия филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Т.Садықов партияның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы аясында қоғамдық кеңестің атқарып отырған жұмыстарына және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жалағаш ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы Е.Серманов – төтенше жағдайлар бөлімінде 4 қызметкер, №11 өрт сөндіру бөлімінде 35 қызметкерлерге тоқсан сайын құқықтық сабақтар өтіп отырғанын, өрт қауіпсіздігінің алдын алу бағытнда аптасына 3 рет түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырғандарын жеткізді.
01 сәуір 2021 ж. 265 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 767

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930