» » Мониторинг жұмыстары жүргізілді

Мониторинг жұмыстары жүргізілді

Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен Жалағаштықтар бүгін аудан елді мекендерінде санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандырудың сенбілік шарасына белсене араласуда.

Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан қызу тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Соның ішінде аудан орталығының шет көшелері, орталық көшелер мен әлеуметтік нысандардың айналасын толық қамтыған тазалық жанашырлары қоқыс қалдықтарын шығарып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосуда. Осы орайда, «Nur Otan» партиясы Жалағаш аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясы сенбілік жұмыстарға мониторинг жүргізіп, санитарлық талапты сақтап бетпердемен жүруді әрбір тазалық сақшыларына түсіндіріп, қауіпсіздік ережесін қатаң ұстауға насихаттады.
31 наурыз 2021 ж. 232 0