» » САУЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ ЖИНАҚЫЛЫҚТА ЖАТЫР

САУЛЫҚТЫҢ НЕГІЗІ ЖИНАҚЫЛЫҚТА ЖАТЫР

«Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі аудан әкімі Асылбек Шаменовтің кент пен АУЫЛДЫҚ елді мекендердің, көше мен үй аулаларының тазалығына қатысты үндеуі жарияланды. Онда туған жердің көркеюіне, гүлденуіне үлес қосу әрбіріміздің азаматтық парызымыз екені және тазалық болған жерде ауру да болмайтыны айтылған.

Көктем шығып, күннің шуағы жер ызғарын ала бастағанда көркейту-көгалдандыру жұ­мыс­тарына кірісеміз. Алдымен көше таза­лығын қамдап, жаппай сенбілік жұмыстары ұйым­дастырылады. Өйткені айналаның та­залығы – бәрімізге ортақ. Әрбір адам өзі тұратын үйдің ауласы мен көшелердің көркеюіне және тазалығына мән берсе, күл-қоқыстармен келетін түрлі инфекциялық аурудың болмасы да анық. Өйткені аулада, көшеде шашылған тұрмыстық қалдықтарды ит пен мысық жұлмалап, одан қалғанын өрістен қайтқан малдар азық етуде. Бұл сөзімнің дәлелі ретінде мына бір жайтты айта кетейін.
Былтыр көрші келіншек жалғыз малын іздеп, жайылымға кеткен сиырының ізіне түсті. Оның қорасында бары да, баққаны да осы жалғыз сиыры болатын. Күнделікті шыққан сүтін табыс көзіне айналдырып, төрт баласын асырап отырған апамыз сиырын таппастан үйіне оралды. Сөйтсе оның көкке аузы енді тиген сиыры целлофан жеп өліп қалыпты. Бұл жағдай жалғыз оның басынан өтпегені анық. Жел соқса қоқыс алаңынан ұшқан целлофанды талай төрт-түлік азық етіп, ақырында иесі малынан айрылып жатыр. Жалпы көше таза болмаса, адамдарға қауіпті түрлі инфекциялардың да тарауы ықтимал. Сол себепті аудан әкімінің үндеуіне сіз бен біз болып үн қосқанымыз абзал.
Мәселен, көктемнен бастап, жаз жадырағанша сенбілікке шығамыз. Әр мекеменің қызметкерлері өздеріне тиісті аумақты күл-қоқыстан тазартып, көше бойындағы көмілген арықтарды ашады. Кейбір тұрғындардың дәл сол сәтте үйле­рінің айналасындағы шашылған күл-қоқысты теріп жүргендерді терезелерінен тамашалап тұратынын қайтерсің?! Өзім­нің тұрып жатқан үйім, өз көшем ғой деп қол ұшын және бермейді. Осындай азаматтар керісінше, өз ауласын ғана емес, үйінің көше бетіне де тазалық жұмыстарын жүргізіп, саялы ағаш отырғызып, гүл егіп, үйді ақтап-сырлап қойса, үй-жайы да жаңарып, кенттің тазалық жұмыстарына да өз үлестерін қосқан болар еді.
Тазалыққа қатысты аудан әкімі өз үндеуінде: «Жалағаш кенті – көшелері оқтай түзу, жасыл желек жамылған, бір көргеннің көзі қызығатындай елді мекен. Бұл – біздің әкелеріміздің еңбегі, аға ұрпақтың маңдай терінің жемісі. Кейінгі толқын біздің міндетіміз – әкелеріміздің жолымен туған жерімізді одан әрі көркейту. Сіздермен бірге осы міндет үдесінен шығамыз деп сенемін. Баршаңызды жұқпалы індеттен толық құтылғанша сақтық шараларын сақтай отырып, көктемгі тазалық жұмыстарына бір кісідей қатысуға шақырамын» дей келе, елді мекендер мен кент тазалығын науқандық жұмыс қылмай, жыл бойы назарда ұстауға шақырады.

Олай болса, тазалық жұмыстарын бәріміз бірге өз отбасымыздан, өз ауламыздан бастайық. «Тазалық – денсаулық кепілі» дегендей, өзіміздің туып-өскен жеріміздің тазалығына, көркейіп гүлденуіне атсалысқанымыз жөн.

Нұрсұлтан ҚАЗБЕКОВ
23 мамыр 2020 ж. 448 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930