» » Қызылордадағы эпидахуал: Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті ме?

Қызылордадағы эпидахуал: Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті ме?

Өңірдегі қорда коронавирус инфекциясына қарсы дәрілік заттар жеткілікті. Мәселен антибиотиктердің 438 271 қорабы, вирусқа қарсы препараттың 12 828 және антикоагулянттардың 1630, ыстықты түсіретін 177 897 мың қорабы бар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғалима Азирова мәлімдеді.

Сондай-ақ, аймақтағы 17 фармацевтикалық ұйымды дәрілік заттармен қамтамасыз ету мақсатында 281,2 млн. теңге көлемінде қаржы бөлінген. Бөлінген айналым қаражатына ыстықты түсіретін, антибиотиктер, вирусқа қарсы, иммуностимуляторлар, медициналық бұйымдар, инъекциялық және гормондық препараттар сатып алынды. Тағы да қосымша 1,2 млн. теңгені құрайтын дәрілік заттар әкелінетін болады.

«Биыл 6512 дәрілік зат атауына шекті баға бекітілді. Яғни вирусқа қарсы 230 дәріге нарықтан төмен шекті баға енгізілді. Дәрі-дәрмектерге мониторинг тұрақты жүргізілуде», – деді Ғалима Жақсылыққызы.
11 сәуір 2021 ж. 126 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 773

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930