«Qyzylorda» шоколады сатылымда
Қала тұрғыны Дархан Асан «Qyzylorda» атауымен шоколад шығарды. Қазір жас кәсіпкер «Ақмешіт» шағын ауданынан ғимарат жалдап, оны кішігірім өндіріс орнына айналдырған. Кәсіпкерге анасы және досы қолдау көрсетуде.
– Мен бұған дейін шоколад сататын фирмада жұмыс істедім. Шоколадтың дайындалу әдісі бұрыннан қызықтыратын. Сол кезде осыны өзіміз дайындасақ қаламыздың өз өнімі болар еді деп ойлайтынмын. Сол идеяны іске асыратын уақыт келіп, қолға алған жайымыз бар – дейді досы Әлібек.
Бүгінде олар күніне жүзден аса тәтті өнімді сатылымға шығаруда. Шоколадтың сүтті, арахис және жүгері қосылған үш түрі бар. Дәмі басқа тәттілермен салыстырғанда айтарлықтай өзгеше.

Шоколадқа аудандардан сұраныс бар, сонымен қатар әзірге қаладағы ескі базардағы «Ажар» сауда үйіне өткізіледі. Алдағы уақытта Дархан «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы кәсіп аясын кеңейтсем деген ойы барын айтады.