» » Әрқашан мәртебелі бол!

Әрқашан мәртебелі бол!

Барлығына белгілі, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Еліміздің азаматтарына медициналық қызметтер екі пакетпен ұсынылып жатыр, олар: тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің пакеті және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті.  

Жеңілдігі бар 15 санаттағы азаматтарға ай сайынғы МӘМС жарналарын мемлекет төлейді және бұл азаматтар МӘМС шеңберіндегі барлық медициналық қызметтерді толық көлемде алуда. Яғни, сақтандырылған азаматтарға: амбулаторлық жағдайлардағы медициналық көмек (диагностика және емдеу);   стационарды аумастыратын медициналық көмек; елдегі эпидемиологиялық жағдайды нашарлататын ауруларға және оларға күдік туындаған жағдайда үйдегі стационарлық қызметтер; стационарлы жағдайдағы медициналық көмек; медициналық оңалту; патологоанатомиялық диагностика; қайтыс болған донорға дайындық; дәрі-дәрмекпен және медициналық өнімдермен қамтамасыз ету.  

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №333/2020 бұйрығымен «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді тұтынушылардың есебін жүргізу және медициналық көмек алу құқығын беру» ережелері бекітілді.

Бұл Ережелердің талаптарына сәйкес, МӘМС жүйесіндегі тұтынушылардың есебі Қормен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдырының ақпараттық жүйелерінен электронды форматта келіп түскен мәліметтер мен ақпараттар негізінде жүргізіледі.

Мысалыға, жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар, зейнеткерлер мен мүгедектер туралы мәліметтер ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесінен келіп түскен ақпараттар негізінде қалыптастырылады.    Сондай-ақ, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер туралы мәліметтер - Денсаулық сақтау министрлігінен, күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттер туралы мәліметтер – Білім және ғылым министрлігінен келіп түскен ақпараттар негізінде қалыптастырылады,

Егер де, жеңілдігі бар тұлға жеңілдік санатынан белгісіз себептермен айырылып қалса, жеңілдік мәртебесін қалыпына келтіру үшін тиісті мемлекеттік органға жүгіну керек.  

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» №405 Заңының 28 бабы 7 тармағына сәйкес әскери қызметкерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және арнайы мемлекеттік органдарының қызметкерлері МӘМС жарналарын төлеуде босатылған және МӘМС шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерді алуға құқығы бар.         
            
Бұл қызметкерлер сақтандыру мәртебесіне ие болу үшін, олардың мәліметтері мекемелердің кадр бөліністерімен Тұлғаларды есепке алу жүйесіне еңгізілу қажет және штаттық өзгерістер орын алған жағдайда, мәліметтер Қорға 7 күннен кешіктірілмей ұсынылады.   
Жыл басынан бастап Қызылорда облысы бойынша филиалына құқық қорғау органдарының бірқатар қызметкерлері жүгініп, олар МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебелері болмауына байланысты, МӘМС шеңберінде медициналық көмек алуына кедергі тудырғанын атап көрсетті. 

МӘМС Заңының талаптарын түсіндіру мақсатында, биылғы жылдың сәуір айында «ӘМСҚ» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарастыру бөлімімен Қызылорда облыстық полиция департаменті, қалалық, желілік және барлық аудандық полиция бөлімдерінің кадр бөліністерінің қызметкерлерінің қатысуымен онлайн режимінде оқыту өткізілді.  

         Түсіндіру жұмыстары өз жалғасын табады. 
МӘМС жүйесі бойынша сұрақтар туындаған жағдайда, Қордың  call-орталығына 1406 телефонына, Қордың сайтына, «Qoldau - 24\7» мобилдік қосымшасы арқылы немесе или Telegram-бот «SaqtandyruBot» хабарласуға болады. Қордың мамандары мен сарапшылары жедел жауап беріп, қажетті көмек көрсетеді.

Сәуле Абдамитова,
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»
КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың
халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарастыру жөніндегі бөлімінің
сарапшысы
19 сәуір 2021 ж. 145 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 763

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930