» » Қазақстанда кинотеатрлардың билеті қымбаттады

Қазақстанда кинотеатрлардың билеті қымбаттады

Ең қымбат билеттер Шымкентте, Атырауда және Ақтөбеде.

Қазақстанда бір жыл ішінде кинотеатр билеттері 16 пайызға қымбаттады, деп жазады zakon.kz.

Energyprom.kz зерттеуі бойынша, 2021 жылы наурызда кинотеатр билеттерінің құны 1,5 мың теңгеге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16 пайызға қымбат. Сарапшылар ең қымбат билеттер Шымкентте (2,6 мың теңге), Атырауда (2,5 мың теңге) және Ақтөбеде (2,1 мың теңге) екенін атап өтті.

Ең арзан билеттерді Түркістан қаласының тұрғындары сатып ала алады (800 теңге). Билеттердің бағасы бір жыл ішінде тек Қостанайда (3,5% , 1,3 мың теңгеге дейін) және Семейде (2,7%, 1,1 мың теңгеге дейін) төмендеді, делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында кино және видеоөндіріс және дыбыс жазу саласында 41 млрд.теңгеге қызметтер көрсетілді, бұл - өткен жылмен салыстырғанда 37,4 пайызға аз көлем. Жалпы, кино нарығының қатысушылары отандық прокат үшін локдаун қатты соққы болғанын айтады.

Бұған дейін елімізде жалпы түсірілімдер 52,1% түсіп кеткені хабарланған болатын. Мемлекеттік ұлттық киноны қолдау орталығының мәліметтері бойынша, кинотеатрлардың орташа толу деңгейі бүгінде 10 пайызға әрең жетті, дегенмен ең төменгі жоспарланған деңгей кем дегенде 30% болуы керек.


19 сәуір 2021 ж. 180 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 717

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031