Қазақстандық дәрігер: Коронавирусқа қарсы вакцинаға кепілдік жоқ
Медицина ғылымдарының докторы, профессор Ләззат Ералиева коронавирусқа қарсы вакцина алған адам індетті қайта жұқтыруы әбден мүмкін айтты, деп хабарлайды Астана арнасы.
Екпе алғандардың арасында індетке қайта шалдыққандар тіркеліп жатыр. Мамандардың айтуынша, оларда сырқаттану жеңіл өтеді. Сонымен бірге, тұрғынның коронавирусты жұқтырғанына 4 ай болса, препараттың бір дозасын алу жеткілікті. Сондықтан вакциналаудан кейін тұрғынға маскасыз жүру ұсынылмайды.
«Вакцинаның екінші дозасын алғаннан кейін 44 адам коронавирус жұқтырған. Біз коронавирустың барлық жағдайын жеке талдаймыз. Талдау барысында вакцина салдырса да вирус жұқтырғандар анықталды», – дейді ҚР ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл.
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандары саны 1 миллион 800 мыңға жуықтады. Кейбір деректерде, елде дәрілік препарат таусылып жатыр деген ақпарат тарады. Әсіресе, Алматы қаласында отандық екпе қалмаған. Қазір қалада ресейлік Sputnik V және қытайлық HayatVac вакциналары ғана қолжетімді.
«Алматы қаласы бойынша отандық QazVac вакцинасы таусылуда. Отандық вакцинаның бірқатар дозасы 1-2 аптаның ішінде Алматыға жеткізіледі. Қалада вакцинаның 7-8 дозасы ғана қалған», – деп мәлімдеді. Алматы қ. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Екпе вирусты жұқтырмауға ешқандай кепілдік бермейді, дейді медицина сарапшылары. «Маусымдық аурулар кезінде жыл сайын екпе алу қажет етіледі. Мысалы, тұмау мутацияға ұшырайды. Сол үшін екпенің құрамы да, жасап шығарушыларда өзгеріп отырады. Коронавирустың таралуы жалғаса береді. Жаңа штаммдар шығуы ықтимал. Сондықтан екпені, жыл сайын салдыру керек», – дейді медицина ғылымдарының докторы, профессор Ләззат Ералиева.
Елдің бас репродуктологы жүкті әйелдерге екпе салдыруға кеңес бермейді. Себебі, бұл санаттағылар ауру ауыр өтеді. Сондықтан екпені жүктілікті болмай салдыру шарт. Ал ЭКО жасатқысы келгендерге вакциналаудың толық курсын аяқтау шарт.