» » Қазақстандықтар қалыпты нормадан артық жұмыс істейді

Қазақстандықтар қалыпты нормадан артық жұмыс істейді

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, Қазақстанда 1,4 миллионға жуық адам аптасына 40 сағаттан артық жұмыс істейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мысалы, тау-кен өнеркәсібінің 85 мың қызметкері аптасына 40 сағаттан астам жұмыс істейді. Жылжымайтын мүлік саудасымен айналысатын 42 мың адам, қонақүйлер мен қоғамдық тамақтану саласында 43 мың адам аптасына 40 сағаттан артық еңбектенеді екен.

Ұлттық статистика бюросы бұл тізімге басқа да сала қызметкерлерін енгізіп отыр.

Атап айтсақ, көлік, құрылыс және бөлшек саудамен айналысатындардың 20 пайыздан астамы белгіленген нормадан артық жұмыс істейді.
Айта кетейік, еліміздің Еңбек кодексіне сәйкес қалыпты жұмыс уақыты аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс.

17 мамыр 2021 ж. 231 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 3 575

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031