» » Депутат еден жуушылардың жалақысын арттыру мәселесін көтерді

Депутат еден жуушылардың жалақысын арттыру мәселесін көтерді

Сенатор Нариман Төреғалиев мемлекеттік мекемелерде техникалық қызмет көрсететін штаттан тыс қызметкерлердің жалақысын көтеру қажеттігін мәлімдеді.

«Соңғы екі жылда білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің еңбекақысының өскенін білеміз. Алайда үкіметтің қаулысына сәйкес, еліміздегі мемлекеттік мекемелерде техникалық қызмет көрсететін штаттан тыс қызметкерлердің жалақысы төмен деңгейде қалуда», – деді Төреғалиев сенаттың жалпы отырысында.

Осы орайда депутат бірнеше мысал келтірді. Оның айтуынша,  еңбек өтілі 25 жылдан жоғары іс қағаздарын жүргізуші барлық өтемақысын қосқанда айына 64 мың теңге алады.

«Төртінші разрядтағы көлік жүргізушісі – 60 мың, ал бірінші разрядтағы еден жуушы 54 мың теңге көлемінде айлық алады, ал қолға тиетіні одан да аз. Бұл ретте, осы санаттағы қызметкерлердің еңбекақысын көтеру мақсатында құзыретті министрлік алдағы уақытта тиісті жұмыс атқарады деген ойдамыз», – деп атап көрсетті сенатор.

Бұдан бөлек, ол «Педагог мәртебесі туралы» заңның аясында ұстаздардың жағдайы түбегейлі өзгергенін жеткізді. Тура сондай жолмен дәрігер мамандарға да барынша қолдау көрсету қажет. Осы шаралардың маңыздылығы коронавирус пандемиясы кезінде артып отыр. 

«Сондай-ақ, осы игі мамандықтың мәртебесін көтеру мақсатында медицинаның үздік өкілдеріне «Қазақстанның құрметті дәрігері» атағын беру әділетті болар еді. Біздің ойымызша, осы маңызды саланың дәрігерден бастап санитарға дейінгі қызметкерлерін, ұзақ мерзімді қолдау шараларын қабылдауға әбден уақыт келді», – деді Төреғалиев.
20 мамыр 2021 ж. 298 0

№42 (9825)

28 мамыр 2022 ж.

№41 (9824)

24 мамыр 2022 ж.

№40 (9821)

21 мамыр 2022 ж.

Сұхбат

Өнер ордасының бәсі биік
24 тамыз 2021 ж. 2 766

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930